Ресейлік «Химки» командасының баскетболшысын Лос-Анджелестің сақшылары атып тастаған, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Батыс басылымдарының жазуынша, Лос-Анджелес қаласының сақшылары Тайлер Ханикаттың үйіне келген. Алайда баскетболшы үйінен шығудан бас тартып, бөлмесінен полицейлерге оқ атқан. Сақшылар да суық қаруды пайдаланып, баскетболшыны жер жастандырған.