6 шілдеде қазақстандық боксшы Иван Дычко (6-0, 6 КО) кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Голливудтағы (Флорида, АҚШ) Seminole Hard Rock аренасында өткен жекпе-жек қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды. Отандасымыз сегіз раундқа жоспарланған кездесудің бар болғаны бірінші раундында американдық қарсыласы Морис Харристі нокаутпен жеңді.

Осылайша, Дычко өзінің кәсіпқой бокста өткізген жетінші жекпе-жегінде жеңіске жетіп отыр. Оның жеті қарсыласын да нокаутпен жеңгенін айта кетейік. Ал 42 жастағы Морис Харрис (26-21-3, 11 КО) 22-ші жеңілісіне ұшырады.