Сейсенбі, 3 желтоқсанда Алматыда Александр Винокуртовтың «Менің алтын мансабым. 1998-2012» деректі кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді. Сонымен қатар Олимпиада чемпионының есімімен аталатын қоғамдық қор да ашылады.

«Кітап екі жылдың ішінде жазылды. Сондықтан оның шығармашылық мазмұнына көңілім толады. Менің командам бұл жобаға жауапкершілікпен қарады. Кітап жоғары деңгейде көркемделген. Көптеген суреттерді өзім алғаш рет көріп отырмын», дейді Александр Винокуров.Бұл кітап жас спортшыларға жеңіс тұғырына табандылықпен жету жолдары баяндалады. Сол сияқты спортшының сонау Бескөлден тұманды Альбионға дейін жүріп өткен қызығы мен қиындығы қоса өріліп келген өмірлік жолы көркем өрнектелген.Кітап қазақ және орыс тілдерінде 2000 данамен жарыққа шықты және кітапханаларға таратылады. Айта кетейік, кітаптың тұсаукесер рәсімі «Ритц Карлтон-Алматы» қонақүйінде 12:00-де басталады.