Ресейде өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының ширек финалында Бразилия құрамасы Бельгиямен кездесті.

Матч Қазан қаласында өтті.

13-минутта еуропалықтар есепті ашты. Насер Шадлидің бұрыштамадан асырған пасы бразилиялық ойыншы Фернандиньоға тиіп, қақпадан бір-ақ шықты.