«ПСЖ» Буффонмен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Италиялық маман мен француздық команданың арасындағы келісім бір жылға есептелген және ұзартылу мүмкіндігі бар, деп хабарлайды Париж клубының ресми сайты.

«Біз Буффон «ПСЖ» отбасына қосылғандығымен мақтан тұтамыз. Ол өзінің 40-тан асқан жасында футболға деген құмарлығын жоғалтпады. Біздің жобамызда Джанлуиджи өзі үшін жоғары деңгейдегі мақсаттар қоюға болатын тамаша жағдайларды көрді. «ПСЖ»-ның жанкүйерлері Буффонды лайықты махаббатпен қарсы алады», - дейді клуб президенті Насер Аль-Хелаифи.

Буффон «Ювентус» үшін 2001 жылдан бері ойнап, келісімшарт аяқталғаннан кейін клубтан кеткен болатын.