Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов пен германиялық Хизни Алтункая салмақтарын өлшеп, көз арбасты.

Салмақ өлшеу рәсіміне осы кеште жұдырықтасатын боксшылардың бәрі де қатысты.

Бокс кеші 7 шілдеде Астанада өтеді. Шүменов пен Алтункая бірінші ауыр салмақтағы WBA тұрақты белбеуін сарапқа салады.

Айта кетейік, бұл кештің ардеркардында мына қазақстандық боксшылар жекпе-жек өткізеді: Айдос Ербосынұлы, Миржан Рахимжанов, Бобиржан Моминов, Әли Балоев, Арман Рысбек, Айдын Ельжанов, Уәлихан Бисенқұлов.