Румыниялық «Стяуа» футбол клубының қорғаушысы Йонуц Ларие қостанайлық «Тобылмен» келісімшартқа отырды. Бұл туралы Transfermarkt.de жазды.

Дереккөздің ақпаратына сүйенсек, Ларие бірнеше күн бұрын қазақстандық клубқа еркін агент ретінде ауысып, клубпен бірге жаттығу жасап үлгерген.

5 шілдеде ол клубпен келісімшартқа отырып, команда тізіміне енді.