«Вильяреалдың» бұрынғы ойыншысы Антонио Рукавина неге испаниялық клубты емес, елордалық «Астананы» таңдағанын айтты.

«Менде екі таңдау болды: «Вильярреалмен» келісімшартты ұзарту немесе «Астанаға» ауысу. «Астана» жылдам әрі нақты ұсыныс жасады, олардың шарттары жақсырақ әрі ұзақ уақыт болған еді», - деді Рукавина.

Айта кетейік, Сербия ұлттық құрамасының ойыншысы «Астанаға» еркін агент ретінде ауысып, 2019 жылдың желтоқсанына дейін келісімшартқа отырды.