Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (2-0, 1 КО) шаршы алаңға осы жылдың 4-ші тамызында Кардифф қаласында шығады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Отандасымыз кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегін Кардифф (Уэльс) қаласында өткізетін болды. Даниярдың қарсыласы венгриялық былғары қолғап шебері Габор Горбич болады. Ол кәсіпқой рингте 24 жекпе-жекте жеңіске жетсе, 11-інде жеңіліс тапқан. Қос боксшы маусым айында жекпе-жек өткізу керек болатын, алайда венгриялық жарақатына байланысты кездесуден бас тартқан.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокста екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен. Соңғы кездесуінде венгриялық Золтан Шабомен жұдырықтасып, есеп бойынша ұтқан еді.