Алматы қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен интернаттар арасындағы ҚР чемпионатында Оралдық Әлішер Төлегенов жеңімпаз атанды.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Әлішер 50 келі салмақта үздік шықты. Болашағынан үлкен үміт күттіретін Ә.Төлегенов спортқа дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатында оқиды