2018/2019 жылғы маусымда футзалдан УЕФА Чемпиондар Лигасының жеребесі қай күні тартылатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Чемпиондар Лигасының іріктеу және негізгі кезеңдерінің жеребе тарту рәсімі 5 шілде күні Швейцарияның Ньон қаласында өтеді.

Еуропалық турнирдің іріктеу кезеңінің матчтары 2018 жылдың 28 тамызы мен 2 қыркүйегі аралығында өтеді. Негізгі кезеңінің кездесулері 2018 жылдың 2-7 қазан күндеріне жоспарланған.

Чемпиондар Лигасына қазақстандық екі клуб - «Қайрат» пен «Ақтөбе» қатысады.