26 маусым күні Гуйян қаласында өткен «2020 жылғы Олимпиадаға дайындық мәжілісінде» Қытай бокс федерациясы 2018 жылығ Азия ойындарына қатысатын боксшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды prosports.kz сайты sina.com-ға сілтеме жасап.Қытай бокс федерациясының басшысы Zhang Chuanliang Джакарта қаласында ел намысын қорғайтын боксшыларды таңдау адал да әділ түрде өткенін мәлімдеді. Қиырдағы Қытай құрамасын сөз етіп отырған себебіміз, аталған тізімде бір қаракөзіміздің аты аталғандықтан болып отыр. Атап айтар болсақ, бокстан Қытай ұлттық құрамасының 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Тоқтарбек Таңатқан есімді қазақ боксшысы өнер көрсетеді.
Бокс
03.07.2018 14:25
Комментарии