Туриндік «Ювентус» «Реал» шабуылшысы Криштиану Роналдуды өз қатарларына қосуға әзір, деп хабарлайды Prosports.kz Marca басылымына сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше туриндік команда Роналдуды Чемпиондар лигасында жеңіске жетуге септігін тигізе алатын ойыншы санайды.

Сондай-ақ «Ювентус» Роналдуға жылына 30 млн еуро айлық төлеуге дайын.

Ертеректе БАҚ Роналдудың «Реалдан» кететіндігін хабарлаған.