Астаналық “Барыс” клубының хоккейшісі Брэндон Боченски КХЛ “жұлдыздары” арасындағы матчқа қатысатын болды.

www.khlallstar.com сайтында біраз уақыттан бері кездесуге қатысатын хоккейшілерді анықтау үшін жанкүйерлер ашық дауыс берген еді. Қорытынды бүгін жарияланып, батыс және шығыс конференциясының намысын қорғайтын ойыншылар анықталды.

Айдынға шығатын алғашқы бестік мыналар:

Батыс

Александр Ерёменко («Динамо» Мск) – 10455 дауыс

Сандис Озолиньш («Динамо» Рига) – 11205 дауыс

Дерон Куинт («Спартак») – 10356 дауыс

Илья Ковальчук (СКА) – 18638 дауыс

Александр Радулов (ЦСКА) – 15510 дауыс

Джонатан Чичу («Медвешчак») – 7166 дауыс

Шығыс

Микко Коскинен («Сибирь») – 8644 дауыс

Кирилл Кольцов («Салават Юлаев») – 9294 дауыс

Шон Хешка («Ак Барс») – 8225 дауыс

Сергей Мозякин («Металлург» Магнитогорск) – 14964 дауыс

Данис Зарипов («Металлург» Магнитогорск) – 12715 дауыс

Брэндон Боченски («Барыс») – 7892 дауыс

 

КХЛ “жұлдыздарының” арасындағы ойын келер жылы 11 қаңтарда  Братиславадағы “Словнафт Арены” айдынында өтеді.