Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңа рейтингісі жарияланды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Көш басында испаниялық Рафаэль Надаль тұр. Ал швейцариялық Роджер Федерер екінші сатыға сырғыды. Үздік үшінші орын неміс спортшысы Александр Зверевтің еншісінде.

ТОП-100 қатарына енген жалғыз қазақстандық теннисші Кукушкин ғана. Отандасымыз 13 саты жоғарлап, 77-ші орынға табан тіреді. Осы межеге ең жақын тағы бір отандасымыз Александр Бублик 141-ші орында тұр.