Лас-Вегастағы (Невада штаты) American National IBJJF Jiu Jitsu Championship турнирінде қазақстандық спортшылар жүлделі оралды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірнеше күн бұрын Лос-Анджелесте өткен ашық турнирде қазақстандықтар медальдарға ие болды. Атап айтқанда, танымал спортшы мен актриса Мөлдір Мекенбаева екі салмақ санатында - 55 кг дейін және «абсолютті» алтын медаль иегері атанды.