Бүгін Қазақстан Премьер-Лигасының 16-шы туры аясында «Ақжайық» өз алаңында «Тобылды» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Биыл Еуропа лигасының іріктеуіне қатысатын қостанайлық ұжым бабында секілді. «Ақжайықтың» өз алаңында тәп-тәуір өнер көрсететініне қарамастан Жайлық жағасынан толық үш ұпаймен қайтты.

Премьер лига. 16-шы тур

«Ақжайық»-«Тобыл» - 1:3 (0:0)Гол соққандар: Сапанов 90 - Нөсербаев 56, 62, Канкава 88

«Ақжайық»: Сергей Ткачук (Қ) - Берік Шайхов, Сергей Басов, Мирам Сапанов (К), Руслан Хаиров - Еркін Тапалов, Андрей Ткачук, Азат Ерсәлимов, Игорь Худобяк, Иван Антипов - Малик Мане.

«Тобыл»: Дмитро Непогодов (Қ) - Фернандер Кассай, Виктор Дмитренко, Самат Жарынбетов​, Ника Квеквескири - Джаба Канкава, Артурас Жулпа, Азат Нұрғалиев (К), Максим Федин, Таңат Нөсербаев - Бауыржан Тұрысбек.