Бүгін ғана павлодарлық «Ертіс» командасымен келісімшартын аяқтаған қақпашы Алмат Бекбаев өз мансабын «Жетісуда» жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Дерек көздердің мәліметінше, 33 жастағы футболшы қысқы трансферлік ауысым кезінде-ақ талдықорғандық клубтың жейдесін кимекші болған. Алайда, кейін бұл ауысым іске аспай қалған көрінеді.

Алмат бұған дейін «Ордабасы», «Ақтөбе», «Қайсар», «Тобыл», «Ақжыйық» және «Ертіс» командаларында өнер көрсетті.