Облыс әкімі «Ақтөбе» футбол клубының басшылығымен, жаттықтырушылар штабымен және ойыншыларымен бейресми кездесу өткізді, деп хабарлайды prosports.kz сайты baq.kz ақпарат агентігіне сілтеме жасап.

Өңір басшысы команда банкротқа ұшырауы мүмкін деген қауесетті жоққа шығарып, футболшылардың мәселесін шешуге атсыласатынын жеткізді.- Ақтөбеде футбол құрдымға кетпейді. Біз барынша қолдау көрсетеміз. Әрине, клубтың проблемалары өте көп. Дегенмен, біз оларды шешіп жатырмыз. Бастысы еңбекақылар мен сыйақылар төленіп жатыр. Банкротқа ұшырады деген қауесетке сенбеңіздер, - деді Сапарбаев