Словенияда шаңғымен тұғырдан секіруден жасөспірімдер арасындағы Кубоктік жарыс өтті деп жазады Olympic.kz.

Аталған елдің Веленье, Мислиния және Крань қалаларында өткен бәсекеде қазақстандық спортшылар жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Сергей Ткаченко 1 орын иеленіп, Словения Кубогына қол жеткізді.

Ал Валентина Сдержикова екінші сатыдан көрінсе, Вероника Шишкина үшінші орынға табан тіреді.