Бүгін, 30 маусымда, Қазақстан Премьер-Лигасының 16-шы туры аясында «Астана» өз алаңында «Ордабасыны» қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Назарларыңызға аталмыш ойындардың тікелей трансляциясын ұсынамыз.

Аталған кездесуді «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуді жоспарлап отыр. Бұл отандық спорт арнасының биылғы жылы ел чемпионатын екінші мәрте үлкен экранға шығаруы болмақ. Осының алдында Алматыда өткен «Қайрат»-«Астана» матчын осы арнадан тамашалаған болатынбыз.

«Qazsport» телеарнасынан бөлек бұл матчты әдеттегідей Қазақстан Кәсіпқой фтбол лигасының youtube-тағы ресми каналынан да тамашалауға болады.

16:00 «Астана»-«Ордабасы»