Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Пальма-дель-Рио (Испания) турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Отандасымыз жартылай финалда норвегиялық Виктор Дурасовичке жол берді. Есеп 3:6, 0:3 болып тұрған кезде Денис кездесуді жалғастырудан бас тартты.