«Астана» футбол клубының бас бапкері болып Өзбекстан құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы Вадим Абрамов тағайындалады.
 
 Алдағы күндері жаңа бапкер ойыншыларға ресми түрде таныстырылады. «Астана» командасын румыниялық маман Иоан Андоне баптаған еді. Клуб басшылығы Андоненің алдына команданы чемпиондық атаққа жеткізуді қойған болатын. Алайда бұл бапкермен «Астана» тек күміс жүлдені иеленді.
 
«Астана» келер маусымда Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді.