«Лос-Анджелес Гэлакси» шабуылшысы Златан Ибрагимович Швеция құрамасының әлем чемпионатындағы өнерін бағалады.

«Әлем чемпионаты басталмай тұрғанда-ақ Швеция құрамасы ұзаққа баратынын айтқан едім. Тіпті, турнирді ұтып алуы мүмкін. Швед болғаным үшін бақыттымын. Мен әлемді жаулап алдым, енді Швеция солай істеп жатыр», - деді Ибрагимович.

Айта кетейік, Ресейдегі әлем чемпионатында Швеция 1/8 финалға шығып, Швейцариямен кездеседі.