Қазақстандық боксшы Иван Дычконың кәсіпқой рингтегі келесі қарсыласы анықталды.

Boxrec ақпаратына сүйенсек, 27 жастағы Дычко америкалық 42 жастағы Морис Харриспен (26-21-3) жұдырықтасады. Жекпе-жек 6 шілдеде Голливудта Seminole Hard Rock Hotel and Casino аренасында өтеді.

Айта кетейік, Дычко кәсіпқой бокстағы алты жекпе-жегінің бәрін де нокаутпен жеңді.