Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинмен кездесті, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Жанкүйерлер жекпе-жектеріңді өткізбей қарайды. Сен Қазақстанның атын шығарып жүрсің. Сені мақтан тұтамыз. Қыркүйекте өте маңызды жекпе-жегің бар. Барша қазақстандықтардың атынан саған сәттілік тілеймін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде Геннадий Головкин Қазақстандағы спортты дамытуға үлес қосқаны үшін Елбасыға алғыс айтып чемпиондық белдіктерін сыйға тартты. .