Промоутер Том Леффлердің айтуынша, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин алдағы уақытта мексикалық Хильберто Рамиреспен жұдырықтасады.

Рамирес келесі кездесуін осы сенбіде өткізеді. Оны жүргізуші Головкиннің ықтимал қарсыласы деп атады.

«Ол – сөзсіз болашақ қарсыласымыз», – дейді Леффлер.

Айта кетейік, Головкин 15 қыркүйекте Рамирестің отандасы Сауль Альвареспен қолғап түйістіреді.