Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері (38-0-1, 34 КО) Том Леффлер GGG-ге қарсылас болуы мүмкін боксшыны атады, деп хабарлайды Prosports.kz

Промоутер The Boxing Rundown басылымына берген сұқбатында мексикалық боксшы Хильберто Рамирестің (37-0, 25 КО) алдағы сенбіде жекпе-жек өткізетіндігін атап өтіп, оны Головкинге болашақта қарсылас атанып қалуы мүмкін екендігін мәлімдеді.

- Иә, ол біздің болашақ қарсыласымыз, - дейді Леффлер.

Естеріңізге сала кетейік, Хильберто Рамирес 30-шы шілдеде Оклахома-Сити (АҚШ) қаласында Роамер Алексиспен (23-0, 20 КО) кездеседі.