Ресейдегі әлем чемпионатының топтық кезеңінен кейін мексикалықтар қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге жанкүйер болудың тағы бір себебін айтты.
Желіде Геннадийдің ата-анасымен түскен суреті жарық көрді, мұнда мынадай жазба бар: «Мексикалықтар үшін GGG-ге жанкүйер болудың кезекті себебі: оның анасы – кореялық».
Естеріңізге салсақ, кеше Оңтүстік Корея құрамасы топтық кезеңде әлем чемпионы Германияны 2:0 есебімен жеңген болатын. Соның арқасында Мексика 1/8 финалға жолдама алды.
Ал Головкин келесі кездесуін 15 қыркүйекте мексикалық Сауль Альвареске қарсы өткізеді.
Комментарии