«Ақтөбе» ФК жанкүйерлері клубтағы қаржылық қиындықта өз командасына көмектесу үшін ақша жинай бастады.

Бұл шараны танымал «13-сектор» фанаттық тобы бастап отыр.

«Ақтөбе» ФК-ның барлық жанкүйерлері атынан Сіздерден біздің клубымызға қаржылай көмек көрсетудеріңізді сұраймыз. Қаламыздың барлық ірі, орта, ұсақ мекемелерін, біздің облысымыздың және бүкіл Қазақстанның шоу-бизнес өкілдерін, біздің командамызда абыройлы ойнап, жарқын жеңістерге жеткен барша ойыншылар мен бапкерлерді, клубтың бұрынғы басшыларын (осындай жағдайға жеткізген), жанкүйерлерді және тарихы бай «Ақтөбе» клубына бей-жай қарай алмайтын барша жандарды клубқа көмек қолын созуға шақырамыз!», - деп жазылған топтың хабарламасында.

«13-сектор» жиналған қаражатты күн сайын жариялап отырмақ және оны әр апта жинап, клубқа тапсырады.