Латвиялық футболшы Артур Карашаускас мансабын «Ақжайық» сапында жалғастырады, деп хабарлайды prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

26 жастағы шабуылшы бұған дейін өз елінің бірқатар клубтарында және Ресей мен Украинада доп тепкен. Латви ұлттық құрамасының сапында 13 ойын өткізген.

Естеріңізде болса, жақында ғана оралдық команданың шабуылшысы Адеринсо́ла Хабиб Эсео́ла Алматының «Қайратына» ауысып кеткен болатын.