Мажарстан құрамасының шабуылшысы «Қайратта» медициналық бақылаудан өтті, деп хабарлайды Prosports.kz
26 жастағы фцтболшы ұлттық құрамасында 5 матч өткізген. Соңғы маусымда Мажарстанның жоғары дивизионында 14 доп кіргізген, ал ел кубогында 3 гол салған.
«Гонведтен» бөлек, «Дунайварошты», «Пакша» және МТК-ны қорғаған. Футболшы көбіне «қызыл-қаралардың» құрамында бар қабілетін көрсете алған. Дәл осы футбол командасының үздік бомбардирі атанып, Еуропа Лигасына шықты. Танымал Transfermarkt.de неміс порталы оның трансферлік құнын 650 мың евроға бағалаған.
Еске салайық, мажарлық форвард - алматылық команданың соңғы айда өздеріне тартқан екінші футболшысы. Бұған дейін «Ақжайықтың» футболшысы Адеринсола Эсеоламен келісімшарт жасасқан.