Жоғары лига командалары арасында допты хоккейден Ресей біріншілігінің екінші тобында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» «Никельчикпен» биылғы маусымдағы алғашқы ойынын өткізді.

Оралдықтар беташар матчта 3:7 есебімен жеңіліп қалды. «Ақжайық» сапынан үш допты да екінші таймда команда капитаны Ескендір Нұғманов соқты.

Дмитрий Иванников бастаған жергілікті мамандар баптайтын батысқазақстандықтар ертең «Никельчикпен» екінші кездесуін өткізеді.