27 маусым күні Астанада қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов жайлы «Бейбіт Шүменов. Қайсар мінез» атты деректі фильмінің жабық көрсетілімі өтеді.

Фильмде қазақтың тұңғыш кәсіпқой бокстан екі салмақта әлем чемпионы Бейбіт Шуменовтың өмірі, бокстағы жолы, қандай да қиындықтарға қарамастан алға қойған мақсаттарға жетуі жайлы баяндалған.