25 маусым күні Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде Әділетті ойын қағидаларының сақталуын бақылау комитетінің отырысы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.
Комитетке Премьер-лига клубтары арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты мен Бірінші Лига командалары арасында Қазақстан Республикасының Біріншілігінің екі кәсіби командасына қатысты спорттық талапқа сай емес еместігін жөнінде мәлімет келіп түсті.
Сонымен қатар, Премьер-лига матчының бас төрешісінің үшінші тұлғалармен келісу әрекеті жөнінде ақпарат қаралды. Бұл істер бойынша материалдар Қазақстан футбол федерациясының Әдеп комитетіне жіберілді.
Айта кетейік, отырыста Премьер-лига матчының бас төрешісі Алексей Бобровты үшінші тұлғалармен келісім жүргізу әрекеті үшін үш жылға төрелік ету қызметінен шеттеткен болатын.
Комментарии