Мысыр құрамасының ақпарат бөлімінің басшысы Усама Исмаил Мохаммед Салах командадан кетеді деген сыбысты жоққа шығарды.
«Бәрі өтірік. Салах ұлттық құрамамен бірге жаттығу базасында жүр. Алыпқашпа әңгімелерге сенбеңіздер», — деді Исмаил RT басылымына.