Ұлттық құрамамыз Калгари мен Солт-Лейк-Ситиде конькимен сырғанаудан әлем кубогы кезеңдерінен оралды. 
 
«Жарыстың қорытындысы бойынша Сочиде өтетін қысқы Олимпиадаға қатысатын спортшылар тізімі анықталды. Тізімдегі әлем чемпионы Денис Кузинді ерекше атап өткім келеді. Қос әлем кубогының нәтижесінде ол төртінші орынға ие болды. Одан өзге тағы бес спортшымыз қысқы Олимпиада ойындарына жолдама алды»,-деді құрама бапкері Вадим Саютин.