Қайтыс болған «Атырау» ойыншысы жайлы мән-жайлар белгілі болды.

«Атырау» ФК қосалқы құрамында өнер көрсеткен жартылай қорғаушы Мақсат Отарбаев қарашаның 23-і күні жол апатынан қаза тапты.

ІІД-нің хабарлауынша Opel Vectra көлігінің тұтқасын ұстаған Отарбаев қарсы бағытта келе жатқан Toyota Prado-ны өткізбеген. Қос көлік соқтығысып салдарынан жас футболшы мерт болды.

Мақсат «Атырау» командасында 2002 жылдан бері доп тепкен. Достарының айтуынша өте ақжарқын, еңбекқор жігіт болған. Биыл аяқталған маусымда бес гол соғып үлгеріпті.