Шымкентте өткен ITF G3 Juniors халықаралық турнирінде қазақстандық теннисші Достанбек Ташбулатов жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алғашқы матчта қазақстандық теннисші ресейлік Никита Каширинді, Аустралиядан Чикан Акайды ұтты. Чемпионаттың ширек финалында Ташбулатов Түркиядан келген тағы бір теннисші Берк Илкелді 7: 5,7: 4 есебімен жеңді.

Жартылай финалда қазақстандық теннисші ресейлік Егор Агафоновты 6: 3, 6: 4 есебімен, турнирдің финалында Ташбулатов түрік спортшысы Бору Сенгюльді 3: 6, 6: 2, 6: 3 есебімен жеңді.