Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) өзінің кәсіби мансабындағы маңызды айқастардың бірін 15 қыркүйекте Лас-Вегаста мексикалық боксшы Сауль Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы өткізеді.

Қазақстандықты әуесқой бокста жаттықтырған бокстан Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Ғалым Кенжебаев ең танымал екі боксшының рематчына баруды жоспарламайтынын айтты.

«Жоспарлап отырған жоқпын, себебі мен ол уақытта Будапештте Әлем жастарының чемпионатында боламын. 18 жыл бұрын осы жарыста Геннадий Головкин менің басшылығыммен алтын медаль алған болатын», - деп еске алды маман.