Астанада өтіп жатқан қазіргі бессайыстан әлем кубогының финалдық кезеңінде ерлер арасындағы жеңімпаз белгілі болды.

Оңтүстік Кореялық спортшы Чжун Чжин Астана төріндегі финалда алтын жүлдегер атанды. Күміс жүлдені оның тағы бір отандасы Чун Чун Тэ жеңіп алса, үздік үштікті ирландиялық Артур Лалиган О'Киффи қорытындылады.

Қазақстандық спортшы Павель Ильяшенко жарысты 18-ші, ал Владислас Сухарев 33-ші орында аяқтады.

Еске сала кетейік, қыздар арасындағы бәсекеде Рио Олимпиадасының чемпионы Хлоя Эспозито жеңімпаз атанған болатын.