Бүгін Ресейдің Дондағы Ростов қаласында футболдан әлем біріншілігі топтық кезеңінде F тобындағы Мексика және Оңтүстік Корея құрамалары бақ сынасты деп хабарлайды Prosports.kz.

Есеп мексикалықтардың пайдасына шешіліп, 1:2 боп аяқталды.

Матчты айыппұл соққысымен Карлос Вела ашты. Мексикалық шабуылшы Хавьер Эрнандес 66-минутта есепті үстемеледі. Бұл гол - Эрнандестің әлем чемпионаттарында соққан 50-ші голы. Ойынның соңғы минутында 93-минутта корейлік футболшы Сон Хын Мин есепті қысқартты.