Волейболдан Қазақстанның ерлер командасы Португалияда өтіп «Challenge Cup» турниріндегі алғашқы кездесуінде сүрінді. Біздің құрама Эстониядан ұтылды.

20-24 маусым аралығында өтетін турнирде Қазақстан құрамасы Эстония және Португалия құрамаларымен бір топқа түскен.

Төрт партия қорытындысы бойынша Қазақстан 1:3 есебімен Эстониядан ұтылып қалды.

«Challenge Cup» - волейболдан Ұлттар лигасына бір жолдама беретін халықаралық турнир. Мұнда жеңімпаз атанған команда волейболдан Ұлттар лигасында ең төменгі орында тұрған құраманыңорнын басады.