Бүгін Қарағанды қаласының «Сарыарқа» хоккей клубы өз алаңында «Зауралье» (Ресей, Қорған қаласы) командасын қабылдайды.

Қорған қаласының хоккей клубы бүгінде биылғы чемпионаттың аутсайдері болып саналады. Себебі команда соңғы 22 матчта тек 15-ақ ұпай ғана жинап, Жоғары хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде ең соңғы сатыда - 26-шы орында тұр. Чемпионаттың басында «Сарыарқаның» да тағдыры осындай болған. Қазіргі кезде Қарағанды қаласының хоккей клубы жақсы ойын өрнегімен көзге түсіп жүр. Соның арқасында 23 матчта 40 ұпай жинап, жалпытурнирлік кестеде үздік 10 команданың қатарына еніп отыр.