Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында қазақстандық шпагашылар күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды prosports.kz ҚР ұлттық Олимпиадалық комитетің ресми сайтына сілтеме жасап.

Құрамында Дмитрий Алексанин, Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов және Вадим Шарлаимовтан сынды семсерлесушілері бар Қазақстан құрамасы алдымен Таиландты 45:25 есебімен ұтса, екінші кезеңде Гонконг құрамасын 45:41 есебімен жеңді. Ал жартылай финалдық бәсекеде әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған Оңтүстік Корея құрамасын 45:39 есебімен тізе бүктірді.

Финалда Қазақстан құрамасы қытайлықтардан 1 ұпай айырмасымен жеңіліп қалды. Осылайша олар ел қоржынына күміс жүлде салды.