Хорватия құрамасының бас бапкері Златко Далич Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Исландиямен болатын ойында негізгі құрам ойыншыларына демалыс беретінін айтты.

- Мен негізгі құрам ойыншыларының біразына демалыс берем, - деген Далич сөзін «Р-Спорт» келтіреді.

Есертіңізге салсақ, Хорватия құрамасы Нигерия мен Аргентинаны жеңіп Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шыққан.