«Манчестер Сити» қорғаушысы Данило Бразилия құрамасына Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші ойында көмектесе алмайды.

Қорғаушыны жарақаты мазалауда. Бразилия құрамасының баспасөз қызметінің хабарлауынша Коста-Рикамен болатын ойында оны «Коринтианс» ойыншысы Фагнер алмастырады.

Естеріңізге салсақ, Әлем чемпионаты қарсаңында Бразилия құрамасының негізгі оң жақ қорғаушысы Дани Алвес жарақат алып Әлем чемпионатына келе алмай қалған.