Қазақстанның екі салмақ дәрежесі бойынша жалғыз чемпионы Бейбіт Шүменов «Түркістан облысының құрметті азаматы» атағына ие болды. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі жазды.

Шешім облыстық мәслихат депутаттарының бірыңғай дауыс беруімен қабылданды. Бұл атақ аймақ пен мемлекет үшін сіңірген ерен еңбегі үшін және өмірінің соңына дейін беріледі. Сондай-ақ, азаматтың биографиясы кемінде он жылға аймақпен байланысты болуы тиіс.