Тольятти қаласындағы халықаралық турнирде ақтаулық жас спортшылар еркін күрестен үш алтын, екі күміс және екі қола медаль иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz

19 маусымда Тольятти қаласында өткен турнирде Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның 70 спортшысы қатысты.

Алена Елисеева (36 кг), Асема Каибуллаева (46 кг) және Ангелина Селезнева (23 кг) жеңімпаз атанса, Эльвира Сыздықова (42 кг) және Аружан Жумабай (23 кг) күміс медальды иеленді. Үздік үштікті Сабина Кайббулаева (49 кг) и Абат Жанарай (42 кг) жапты.