Швейцарияның Ньон қаласында 2018/2019 жылғы Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің жеребесі тартылып, «Тобыл» командасы өз қарсыласын білді, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Елордалықтар Чемпиондар лигасындағы бірінші іріктеу сатысында грузиялық «Самтредия» командасымен кездеседі.

Алғашқы матч 12 шілде Грузияда, қарымта ойын 19 шілде Қостанайда өтеді.

Бұл жұпта қағаз жүзіндегі фаворит біздің елдің командасы. Өйткені, қазақстандықтар қарсыластарынан үш есе қымбат екен. Анқытап айтар болсақ, «Тобыл» ойыншыларының құны - 9 млн 650 мың еуро. Ал қарсыластарының бағасы - 2 млн 830 мың еуро.

«Тобыл» сапынан ең қымбат ойыншы Джаба Канкава - 1 миллиона еуро тұрады. Ал «Самтредия» командасының ең бағалы ойыншысы Майкл Олайтан - 400 мың еуроға бағаланған.